#qyzylordatv
Сырдария ауданында қолөнерге бейім жандар аз емес. Солардың бірі – жеті баланың анасы, ісмер Нұрсұлу Ажарова. Қызығы сол, аядай ғана шеберханасында кәсібін дөңгелеткен жан Гиннесс рекордтар кітабына енген.
Қиыннан қиыстырып, құрақ құрап, ескі жүн мен мақтаға жан бітіретін Нұрсұлу Ажарова кәсібін 2014 жылы бастаған. Алғашында мемлекеттік грант иегері атанып, кейін кәсіп аясын кеңейту үшін жеңілдетілген несиелер алған. Қазір Тереңөзек кентінде орналасқан шеберханада 4 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
НҰРСҰЛУ АЖАРОВА – КӘСІПКЕР
Негізгі мамандығым бейнелеу және сызу пәнінің мұғалімі. Сондықтан осы саланы таңдадым. Қиындық тудырған жоқ. Суретін салу, эскизін салу. Қазір бірнеше клиенттермііз бар, жылдан-жылға көбейіп келеді.
Бүгінде шеберханада қыз жасауы, бесік жабдықтарынан бастап, құрақ көрпелер мен жұмсақ ойыншықтарға дейін дайындалады. Тіпті ескі мақта мен жүнді қайта өңдеп, тиімді бағада сатылымға шығарады. Кәсіп иесінің ауыз толтырып айтар жетістіктері де баршылық. Жақында Нұрсұлу Ажарова «Аламан құрақ» республикалық мега жобасына қатысып. Гиннес рекордтар кітабына енді.
НҰРСҰЛУ АЖАРОВА – КӘСІПКЕР
Ең жағымды жаңалығымыз «Аламан құрақ» мега жобасына бардық Ол Алматы қаласында ұйымдастырылды. Оған Қазақстан бойынша 660 құрақшы қатысты. Біздің Қызылорда бойынша 56 құрақшы, ал Сырдария бойынша 2 құрақшы қатысқан.
Кәсіпкердің айтуынша, қазір нарықта ерекшелік пен сапа басты талап. Сондықтан ол үнемі тың идея іздеуден жалықпау керек дейді. Оның сөзін кәсіпкер жандар да құп көреді.
ВЕНЕРА ДАУЛЕТБАЕВА – ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ САЛААРАЛЫҚ ӘЙЕЛ КӘСІПКЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Аудандардан көшіп кетіп жатады көбіне бірақ осылай ауылда отырып-ақ кәсіп жасауға болатынын көруге болады. Нұрсұлу ханымның барлық керек-жарағы бар, қамтылған. Осы Тереңөзек ауданында жұмысын алып кетіп отыр.
Ауданға арнайы келген сала мамандары кәсіпкер қыз-келіншектермен кездесіп, көкейдегі сауалдарына жауап берді.