#qyzylordatv

Сырдария ауданында соңғы алты айда экономиканың барлық саласында тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіші ілгерілеген. «Есепті кезеңде бюджет көлемі 12,7 млрд теңгеге жетті»,- деді аудан әкімі. Осы арқылы кәсіпкерлікті кеңейту, ауыл шаруашылығын дамыту және инфрақұрылым тарту бағытында бірқатар байыпты бастамалар жүзеге асырылып жатыр.

 Ел дамуында жетістікке жетудің бірден-бір жолы – экономиканың тұрақты өсімі. Бұл бағытта Сырдария ауданында ауқымды істер жүзеге асты. Жыл басынан бері бюджет 20,9 пайызға ұлғайған. Ал аудандағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 50,4 млрд теңгені құрап отыр.

БЕРІК СӘРМЕНБАЕВ – СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

//Есепті мерзімде шағын және орта кәсіпкерлік саласында 2714 кәсіпкер тіркеліп, нақты жұмыс жасап тұрғаны 2658 бірлік, яғни, белсенділік көрсеткіші – 97,9 пайыз. Аудандағы шағын және орта кәсіпкерлер тарапынан І жартыжылдық қорытындысымен 6,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 24 пайыз өсім қалыптасты. Бөлшек сауда айналымы 1,5 млрд. теңге болып, 100,3 пайызды құрады.Жыл басынан бері аудан кәсіпкерлеріне мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржы ұйымдары тарапынан 81 жоба бойынша 4,1 млрд. теңге несие және грант қаражаты берілді.//

Сырдария - ауыл шаруашылығы дамыған аудандардың бірі. Соңғы жартыжылдықта агросаладағы өнім көлемі 3 млрд теңгені құрап, өткен жылдағыдан 3,1 пайызға артқан. Биыл диқандар 33 мың гектар алқапқа түрлі дақылдар ексе, оның 19 950 гектары күріш. Мұнан бөлек азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында тиімді жобалар жүзеге асуда.

 БЕРІК СӘРМЕНБАЕВ – СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

// Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 175 гектар қосымша жер дайындалып, 780 отбасы бақша дақылдарын егіп, еңбектенуде. Оның ішінде, Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Бесарық, Шіркейлі, Асқар Тоқмағамбетов елді мекендеріндегі жастар бригадалары белсенділік танытуда. Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылған «Ауыл аманаты» жобасы бойынша өткен жылы 14 жоба жүзеге асырылса, биыл жылдың басында 9 жобаға 55,8 млн. теңге қаржы бөлініп, қолдау көрсетілді. //

Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін сапалы инфрақұрылым қажет. Жолды жөндеу, жаяу жүргіншілер жолын салу мен жарықтандыру секілді көптің көкейіндегі түйкілдердің түйіні тарқап келеді.

  БЕРІК СӘРМЕНБАЕВ – СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

// Аудан аумағында жалпы ұзындығы 263,3 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары бар. Есепті кезеңде аудан бойынша жол саласына қатысты 5 жобаға 1 млдр. теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда аудандық маңызы бар «Қызылорда-Аэрапорт-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автожолының қалған 10,2 шақырымы күрделі жөндеуден өтіп, 46 шақырымды құрайтын аталған жол толығымен жөнделді. Биыл Шіркейлі, Шаған, С.Сейфуллин елді мекендерінде 7 көше күрделі жөндеуден өткізілуде. Жұмыстар жақын күндері аяқталады//

 Ал ауданды табиғи газбен қамтамасыз ету көрсеткіші 50 пайызды құрайды. Мәселен Нағи Ильясов ауылы мамыр айынан бастап көгілдір отынды тұтынуға көшті. Газдандыру жобасына бюджеттен 661,4 млн теңге бөлінген. Елді мекен мамыр айынан бастап табиғи газдың игілігін көруде. Биыл жоспарда тағы бірнеше ауыл бар.

БЕРІК СӘРМЕНБАЕВ – СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

// Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 2,6 млрд. теңгеге Шаған ауылын газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін елді мекенді табиғи газға қосу жұмыстары атқарылатын болады. Жоба құны 1,8 млрд. теңгені құрайтын Ақжарма ауылын газдандыру жұмыстарын бастауға республикалық бюджеттен 200 млн. теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.Алдағы уақытта Бесарық, Шіркейлі, Қоғалыкөл елді мекендерін газдандыруға демеушілік есебінен жобалар әзірленіп, тиісті басқармаға бюджеттік өтінім ұсынылды//

Абаттандыру жұмыстарына жергілікті кәсіпкерлер демеушілік көрсетуде. Нағи Ильясов ауылында 125 млн теңгеге спорт және балалар ойын алаңы пайдалануға берілсе, Іңкәрдарияда жеке кәсіпкерлер 20 млн теңге қаржыға орталық алаңды жаңғыртты. Тереңөзек кентінде 15 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынып жатыр. Жаңа жұмыс орындарын ашу да жоспардағы істердің бірі.

 БЕРІК СӘРМЕНБАЕВ – СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

// Өңірлік жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша ауданда бүгінгі күнге 1293 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде, Ұлттық жобалар аясында

13 жоба бекітіліп, 105 адам жұмыспен қамтылды. Мемлекет басшысының әрбір 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу тапсырмасына сәйкес, ауданда 186 жұмыс орны ашылды//

 Тұрғындар тіршілік нәрімен толығымен қамтылған. Ал тозығы жеткен электр желілерін жаңарту көрсеткіші 53 пайыз. Былтыр Шағандағы электр желілері жаңартылса, биыл «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында Қалжан Ахун елді мекенін электрмен жабдықтау жұмыстары жүріп жатыр.