#qyzylordatv #тазақазақстан
«Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық қозғалысқа және қазақстандықтардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлшегіне айналды. Ресейдің Манжерок қаласында өтіп жатқан экологиялық конференцияға қатысқан Үкімет басшысы Олжас Бектенов осылай деді. Айтуынша, бастама аясында табиғи аумақтарды, су қоймаларының жағалауларын тазарту және ағаш отырғызу бойынша экоакциялар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Экологиялық қауіпсіздік күн тәртібіндегі маңызды мәселе болу тиіс. Сондай-ақ, үкіметтің экологиялық заңнаманы жетілдіруде озық технологияларды енгізіп, бақылауды цифрландырып жатқандығымен бөлісті. Бүгінде Қазақстанда Тұран жолбарысы мен Пржевальский жылқысын реинтродукциялау жұмыстары жүргізіліп келеді. Сондай-ақ биоалуантүрлілікті қорғау қоры құрылған. Өз сөзінде Олжас Бектенов жиналғандарды Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне назар аудартып, теңіз маңы мемлекеттері арасындағы аймақтық өзара іс-қимылды жандандыру қажеттігін атап өтті.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ
2000-шы жылдардың басынан бері Каспий теңізі деңгейінің төмендеу үрдісі байқалады. Осы және өзге де проблемаларды зерттеу үшін Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институты құрылды. Ғалымдардың болжамдары көңіл көншітпейді. Осынау бірегей су айдынын сақтап қалу үшін барлық Каспий маңы мемлекеттерінің батыл үйлестірілген іс-қимылы қажет.