#qyzylordatv
Арал ауданында халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 8,3 млрд теңге бөлініп, қомақты қаржыға 318 шақырым ауыз су желісі жүргізілмек. Мұнан бөлек, ауданда өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында жыл аяғына дейін 6 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр.
«Биыл Қазақстан халқы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылуы тиіс». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында осындай тапсырма жүктеген болатын. Осыған сәйкес, Ақбасты елді мекені маусым айында толықтай орталықтандырылған ауыз су желісіне қосылса, Тоқабай мен Ақбай елді мекендері жақын күндері тіршілік нәріне қол жеткізбек. Сондай-ақ, Ерімбетжаға мен Тастүбекке ауызсу желісін тарту жоба¬сы да қаржылық қолдау тауып, құрылыс жұмыстары басталды. Бұл бастамалар толығымен орындалса ауданды таза ауыз сумен қамту көрсеткіші 95,9 пайызға жетпек.