#qyzylordatv
«Қайсар» футбол клубы академиясының жас аяқдопшыларына спорттық жиынтық табысталды. Олардың бапкерлеріне де жаттығуға керек-жарақ жабдықтар берілді. Тілші бейнематериалында толығырақ.
Спорттық жиынтықтың ішінде маусымға қажетті киімдер бар. Форманың дизайны мен үлгісін әлемдік брендттен алынған. Бұған қоса, жаттығу жұмыстарына қажет спорттық аяқ киім, сөмке, қолғап, қорғаныс құралдары да ойыншыларға үлестірілді. «Осы арқылы балаларға барынша жағдай жасап, мотивация бергіміз келеді»,- дейді клуб директоры.
Салтанатты іс-шараға «Қайсар» командасының ойыншылары мен бапкерлік штабы да қатысты. Олар орталықтың жас футболшыларына спорттық киімдерді табыстады. Дала қасқырларының 1968 жылдан бері жанкүйері Нұрлыбай Ұлықпанұлы да жас аяқдопшылардың қуанышына ортақтасты.
Ал, спорттық экипировка жас ойыншыларға ерекше қуаныш сыйлағандай.
Айта кетейік, бүгінде «Қайсар» футбол орталығында 250 жас жаттығады. 13 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдердің 6 командасы бар. Оған қоса, соңғы жылдары қыздар тобы да жасақталып, лигаларда жақсы нәтиже көрсетуде. Алдағы уақытта, академия ауқымын кеңейтіп, жасөспірімдерді командаға көбірек тарту жоспарланып отыр.
Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live