#qyzylordatv #жұмысшымамандықтаржылы

Биыл – жұмысшы мамандықтар жылы. Бұл қарапайым еңбек адамдарының беделін көтеруге бағытталған бастама. Осы ретте жұмысшы кадр даярлайтын оқу ордалары қаншалықты талапқа сай? Материалдық-техникалық базасы қай деңгейде? Тақырыпты тілшіміз тарқатады.

 Мұстахым Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық – ІТ жоғары колледжі 1955 жылы құрылған. Содан бері еңбек нарығына жұмысшы кадр даярлап келе жатыр. Бүгінде 10 мамандық, 13 біліктілік бойынша 400-ге жуық студент білім алуда.

Қазіргі таңда колледжде 20-ға тарта теориялық пәндер кабинеті, 10 - зертхана, 12 - оқу-өндірістік шеберхана жұмыс істейді. Білім ордасы төрт жыл бұрын «Жас маман» жобасына қатысып, 323 млн теңгеге қажетті құрал-жабдықтар және зертханалық қондырғылар сатып алынған. Қазір ждас мамандар игілігін көріп отыр.

 Биыл оқу орны аумағында автокөлікті жүргізуді үйретуге арналған автодром салынды. Сондай-ақ, кәсіпкерлікке, бизнес ашуға бейім студенттерді қолдау мақсатында «Бизнес стартап жобасы» қолға алынып отыр.