#qyzylordatv
Аймақта жабайы сауда мен заңсыз құрылысқа қатысты рейдтік шаралар күшейтілді. Қала әкімдігі тарапынан бұл бағытта арнайы жұмысшы топ құрылған.
Қала әкімдігі жанындағы жұмыс тобы сауда орындарындағы ретсіз сауданы жою мақсатында рейдке шықты. Тексеруде «Қорқыт ата» сауда базарының аумағында заңсыз сауда қатарының артқанына байланысты кәсіпкерлермен кездесіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Арнайы құрылған топ құрамында ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, кәсіпкерлік бөлімдерінің өкілдері мен учаскелік инспекторлар бар. Рейд барысында Қорқыт ата, Пушкин және Әбілқайыр хан көшелерінде орналасқан заңсыз сауда нүктелеріне ескерту берілді. Саудагерлер жаяу жүргіншілер жолын бөгеп, қоғамдық тәртіпке кедергі келтірген. Бірінші кезекте кәсіпкерлерге жазбаша ескерту жасалады. Ал ескертуге құлақ аспаған жағдайда, заңға сәйкес айыппұл салынады. Мамандардың айтуынша, мұндай рейдтер апта сайын ұйымдастырылады. Мақсат - тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру және заңсыз әрекеттерге жол бермеу.
АБЫЛАЙХАН ӘУЕЗХАНОВ - ҚАЛАЛЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ
// Қала әкімдігі жағынан арнайы жұмысшы топ құрылды. Басты талап - қала аумағында заңсыз жер иемденбеу, мемлекеттік жерді мақсатсыз пайдалану, заңсыз құрылыстар жүргізуге жол бермеу оның алдын алу болып табылады. Біздің мақсатымыз - қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау.