#qyzylordatv

Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері Рахима Ахметованың 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті.

Жиында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов мерейтой иесінің ерен еңбегін сөз етіп, сый-құрмет көрсетті.

   Рахима Қаржаубайқызының еңбек жолы ұстаздықтан басталып, қоғамдық қызметтің кең өрісіне ұласты. Тереңөзек аудандық партия комитетінің хатшылығынан бастап, қалалық депутаттар кеңесі мен облыстық ұлт саясаты жөніндегі комитетте, облыс әкімі аппаратында жауапты қызметтер атқарды. Қай ортада болсын, ел мүддесін биік қойып, талай бастаманың басында жүрді. Өмірінің кемел шағында облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесін басқарып, этносаралық татулық пен бірлікті нығайту жолында тер төкті. Сондай-ақ «Аналар кеңесін» басқарып, оның жұмысын республикадағы үздік деңгейге жеткізді. Шара барысында мерейтой иесіне құрмет көрсетіліп, әріптестері мен шәкірттері жүрекжарды лебізін білдірді.

 ЖАНЕТТА ЖАЗЫҚБАЕВА – «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЙЕЛДЕР КҮШТЕРІ АЛЬЯНСЫ» РҚБ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТӨРАЙЫМЫ

10 жылдан аса уақыттан бері танимын. Өте жақсы адам

 РАХИМА АХМЕТОВА - МЕРЕЙТОЙ ИЕСІ

 Осындай шараға мұрындық болып өткізіп жатқан баршаға алғысымды айтамын.