#qyzylordatv
Халықаралық жастар күні қарсаңында «Мүмкіндіктер алаңы» іс-шарасы өтті. Шара барысында жергілікті жұмыс берушілер тарапынан 100 – ге жуық бос жұмыс орны ұсынылды.
Сонымен қатар, өзге өңірлердегі кәсіпорындар мен ұйымдар онлайн режимде 1000 –нан аса вакансия ұсынып, жастарға кең ауқымды таңдау мүмкіндігі берілді.
РУСЛАН КАЮПОВ – ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ // осы жастар күні аясында облыста он күндік шара ұйымдастырылып жатыр. Соның әр күні әр түрлі тақырыпқа бағытталған, барлығының мақсаты бір. Осы жастарға жан-жақты қолдау көрсету. Ұйымдастырылып отқан шараның да негізгі мақсаты осы жастарға осы ойында жүрген кәсібі болсын немесе осы басқада бір креативті идеялары болсын қолдау және осы жерде арнайы орналасқан көріп отсыздар бірнеше қалада орналасқан жеке кәсіпкерлер кәсіп орындар мемлекеттік мекемелерде бар солар жастарға бос жұмыс орындарын ұсынып отыр. Мұндағы мақсат жұмыссыз деген жастарымызға осындай жаңа мүмкіндіктер сыйлау.
ЖАНЕРКЕ ҚУАТБАЙ – «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ // // Жастар рухы, жастар қанаты белсенділері болып осы жердегі ұйымдастыру жұмысына белсенді атсалысудамыз. Жалпы мақсатымыз осы жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін азайту. Жастарды жұмыспен қамту.
Ерекшелігі сол, жәрмеңкеде еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтар ұсынылды. Сонымен қатар, шекара қызметіне жұмысқа шақырту белсенді жүргізілуде.
МАҒЖАН ЫДЫРЫС – ҚР ҰҚК ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ ОБЛЫС БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ //// шекара қызметіне бос жұмыс орындар бар екендігін хабарлаймыз. Талапкерлер 18-35 жас аралығы болу керек. Медициналық тексеруден толық өткен, орта және жоғарғы білімі, әскери билеті бар азаматтарды жұмысқа шақырамыз.
Жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған он күндік шара 12- ші тамыз күні аяқталады.