#qyzylordatv

Сенат депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов қаладағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.

 Депутаттар алдымен сол жағалауда салынып жатқан қалалық көпбейінді аурухана құрылысын көрді. Бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы бар 300 төсектік аурухана тұрғындардың медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру мақсатында салынып жатыр. 10 блоктан тұратын медициналық нысан заманауи құрылғылармен жабдықталмақ. Құрылыс барысымен танысқан сенаторлар мердігер мекеме өкіліне жұмысты сапалы әрі мерзімінде аяқтау керектігін айтты.

 НАУРЫЗБАЙ БАЙҚАДАМОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ \ қаржысы, құрылыстың жүру мерзімінің кестеге сәйкестігі, сапасы өте өзекті. 36 млрд теңге тұратын 100 келушіге арналған емханасы бар аурухана құрылысымен таныстық. Құрылыс кестеге сай жүріп жатыр. Бұл кешеннің Қызылорда қаласы үшін маңызы өте зор. Өйткені бүгінгі таңда бірқатар емханалардың медициналық құралдарын жаңарту уақыты келіп тұр...\

 Өңірде медициналық мекемелерден бөлек спорттық нысандар бой көтеруде. Соның бірі – жалпы құны 20,5 млрд теңгені құрайтын көпбейінді «Қызылорда Арена» спорт кешені. Заманауи үлгіде салынатын бұл кешенде олимпиадалық спорт түрлеріне арналған жаттығу залдары, жүзу бассейні, Әлем және Азия чемпионаттарын өткізуге арналған 2500 орындық зал болады.

 РУСЛАН РҮСТЕМОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ \Азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға оның ішінде медициналық қызметпен қамтамасыз етуді жеңілдетуге байланысты, спорт нысандарына қолжетімділігін арттыруға байланысты жұмыстар бір бірімен сабақтас деп ойлаймын. Сондықтан екі нысанның құрылысы да әлеуметтік саланың обьектілері. Парламенттің тарапынан қабылданған бюжеттің өзінде де негізгі шығыстар 40 пайызы әлеуметтік салаға бағытталып отыр\