#qyzylordatv #абай180

 Байқоңырда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған тағылымды шара өтті. Қатысушылар Абай есірткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым жасады. Жұлдызды қалашықтың жас өрендері ақын өлеңдерін жатқа оқып, әндерін орындап көрерменді ерекше әсерге бөледі.

 Ұлт руханиятының көкжиегін кеңейткен дана Абай - қазақтың мәңгілік мақтанышы. Хакім қалам тартпаған тақырып жоқ.. Абайдың қара сөзі – қазақ әдебиетіне қосылған құнды мұраның бірі. Ғасырлар ауысса да онда қаузалған дүниелер өзектілігін жойған жоқ.

 САМАТ СМАҒҰЛОВ - ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ / Абайдың әрбір сөзі қазақ жастарын ағартушылыққа, білім алуға, оның ішінде, жастарды жігерлендіруге, халықты ауызбіршілікке шақыратын, елді қорғайтын үлкен философиялық шығармалардан тұрады. Қазақ барда Абай бар, Абайдың мұрасы мәңгілік болсын!

АЛЕКСЕЙ БОБРЫШЕВ - БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫ ӘКІМШІЛІГІ БАСШЫСЫНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ / Абай Құнанбаев – ең алдымен адамгершілік қасиеттерді жырға қосқан тұлға. Ол адам баласын даналыққа, еңбексүйгіштікке шақырды. Оның еңбектері мен шығармашылығы, жас ұрпақты жақсылыққа ұмтылуына жол ашады деп ойлаймын.

 Ұлы ақынның шығармасын ұққан адам биікке ұмтылары сөзсіз. Кісіні кемелдікке кәдімгідей тәрбиелейді. Адамзаттың адастырмас темірқазығы десек болады. Оның мол мұрасы дүниені тануда барлық буынға бағдаршам болары ақиқат. Тағылымды шараға жиылған жұрт ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-танымдық қойылымды тамашалап, Абайды терең тани түсті.

 БАЛДАЙ ҚАЛИАНҚЫЗЫ – БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ Абайдың әрбір өлеңінде, әрбір қарасөзінде жастардың білімге деген құштарлығын арттыруға, адалдыққа, адамдыққа,

  Иә, Абайдың парасатты поэзиясы мен қара сөздері бүгінгі ұрпаққа ұранындай. Уақыт алмасқан сайын Абай болмысы биіктей беретіні анық. Өйткені, оның өнегелі өсиеті ешқашан өзектілігін жоғалтпайды.