#qyzylordatv

Сыр өңірінде мүгедектігі бар әйелдер мен мүгедеткігі бар бала тәрбиелеп отырған аналарды қолдауға арналған жоба таныстырылды. Мақсат - олардың баспанаға қол жеткізу мүмкіндігін арттыру.

 Жобаны «Ақ босаға» қоғамдық бірлестігі «Сити» корпоративтік қоры және Еуразия Орталық Азия Қорының қолдауымен жүзеге асыруда. Шарада қатысушыларға құқықтық сүйемелдеу мен қаржылық сауаттылық бойынша кеңес берілді. Сондай- ақ баспана алу тетіктері мен мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді.

 ЗЕЙНАР ТАЖИЕВА- «АҚ БОСАҒА» ҚБ ТӨРАЙЫМЫ // Бұл жобаның негізгі мақсаты- ерекше балдары бар аналар, мүгедектігі бар қыз- келіншектер оларды баспанаға қол жеткізу үшін құқықтық сүйемелдеу жасау және де қаржылық сауаттылыққа үйрету.