#qyzylordatv

Қоршаған ортаны қорғау мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс көлемінде «Қауіпсіз дала» іс-шарасы ұйымдастырылды. Мақсат – дала алқаптарындағы өрттің алдын алу.

 Далалық аумақтардағы өсімдіктер мен жануарларға үлкен залал тигізетін қатердің бірі – өрт. Өрттің негізгі себептеріне тоқталсақ, олардың табиғи факторлар есебінен орын алатыны өз алдына, адамдардың бейқамдығы басты мәселе болып қала береді. Осы орайда полицейлер мен төтеншеліктер рейдке шығып, іс-шара барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді.Сондай-ақ, су айдындарында балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігі ескертілді. Қауіпсіздік талаптары жазылған жадынамалар таратылып, мамандар азаматтардың сұрақтарына жауап берді.