#qyzylordatv
Терроризмнің алдын алу, халық жиі шоғырланатын орындар мен нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заманауи қорғаныс құралдарымен жарақтау маңызды. Бірақ кейбір білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде дабыл қондырғылары жұмыс істемейді, арнайы күзет қызметі жоқ.
Осы орайда облыстық полиция департаменті тарапынан террористік тұрғыдан осал обьектілердің басшылары мен меншік иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кемшіліктерді жою туралы нұсқама берілді. Сонымен қатар, стратегиялық нысандарда оқу-жаттығу жиындары өткізіліп, тәртіп сақшылары мен күзет қызметкерлерінің дайындығы пысықталып отырады.
НАҒАШЫБАЙ ЖАЛҒАСБАЕВ – ОПД КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ \Обьектіні заманауи инженерлік техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету бағытында нысан басшылары қаржының тапшылығын негізге ала отырып, обьектіге қойылатын талаптарға көп жағдайда дабыл сигналын орнату немесе қаруланған жеке күзет ұйымдарына күзетпен беру бағытында тиісті келісім шарт жасаспай, өз ішкі қауіпсіздік қызметтерімен күзетке алуы қамтамасыз етіліп отыр\
Тағы бір мәселе, «жарылғыш зат бар» немесе «терроризм оқиғасы орын алды» деп жалған ақпарат таратудың жауапкершілік жүгі ауыр, дейді мамандар.
НАҒАШЫБАЙ ЖАЛҒАСБАЕВ – ОПД КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ \жалған хабарлама берілген жағдайда әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Көп жағдайда білім беру орындарында балалардың мектептен қашуы немесе сабақ процесін тоқтатуға байланысты жалған хабарламалар беріліп отыр. Бұл жағдайда ата-аналарына жауапкершілік қарастырылған.. \