#qyzylordatv

Елімізде бірінші тамыздан бастап Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы жүріп жатыр. Алғашқы он күннің нәтижесі бойынша өңірдегі шаруашылық құрылымдары мен қожалықтардың 35 пайызы онлайн сауалнамаға қатысқан.

Айта кету керек, санақ екі кезең бойынша жүзеге асады. Ауыл шаруашылығы саласымен айналысатын барлық заңды тұлғалар, шаруа қожалықтары мен үй шаруашылықтары sanaq.gov.kz сайтына электронды цифрлық қолтаңба арқылы кіріп, сауалдарға шынайы жауап беруі тиіс. Интернет байланысы нашар елді мекендердің әкімдіктерінде арнайы қызмет көрсету орны ашылғандығын айта кеткен жөн. Мұнан бөлек, 1446 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығы да жұмыс істеп тұр.

 АЙБЕК ӘБІЛДАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ СТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ \Қазір қарқынды түрде жүріп жатыр сауалнама....\

Ал, санақтың екінші кезеңі 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында офлайн өтеді. Яғни, сұқбатшылар барлық тұрғын үйді аралап, санақ жүргізеді.

 АЙБЕК ӘБІЛДАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ СТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ \кімде төрт түлік малы бар, егіні бар барлығы 89 мыңнан астам үй шаруашылығы араланатын болады. Интервьюерлар планшетпен өздері аралайды. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер департаментімен бірлесіп жұмыс жүргіземіз...\