#qyzylordatv

 Жаңа оқу жылы қарсаңында Арал ауданында екі білім ошағы ашылып, ел игілігіне берілді. Оның бірі Сексеуіл кентіндегі 300 орындық «Келешек мектебі» және Тоқабай елді мекеніндегі 100 орындық оқу орны. Жаңа нысандардың ашылуына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен еліміздің Сенат, Мәжіліс депутаттары қатысып, тұрғындардың қуанышына ортақтасты.

 Президент бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бұған дейін облыста 3 мың орындық 6 мектеп пайдалануға берілген болатын. Бүгін міне, Сексеуіл кентінде тағы бір білім ошағы ашылды. Шарада сөз алған облыс әкімі аймақтың білім саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ- ОБЛЫС ӘКІМІ // Жалпы біздің өңірімізде 21 «Келешек мектеп» салу жоспарланған....

Сыр өңірінде соңғы үш жылда облыстық бюжет есебінен 5 млрд. 700 млн. теңгеге 9 мектеп жанынан қосымша ғимарат салынды. Нәтижесінде үш ауысымдық мектеп мәселесі түбегейлі шешімін тапты. Ал, «Білімді қолдау қоры» арқылы Қызылорда қаласында дарынды балаларға арналған физика-математика бағытындағы мектеп-интернат ашылса, аталған қор есебінен Арал ауданының Мергенсай елді мекенінен 150 орындық заманауи мектептің құрылысы жүріп жатыр.

 НАУРЫЗБАЙ БАЙҚАДАМОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ // Бүгінгі таңда менің білетінімді Сексеуіл кентінде 1600 оқу орын бар 4 мектепте...

 Салтанатты шарада ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына және мектеп құрылысын мерзімінде аяқтауға үлес қосқан бірқатар азамат облыстың Құрмет грамотасымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

 Нұрлыбек Нәлібаев жаңадан ашылған мектептің ішін аралап, жұмысымен танысты. Оқушылармен кездесіп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

 ӘКІМЖАН ЖОЛТАЕВ, ТІЛШІ: «Келешек білім» ордасынан келешекте елдің дамуына үлес қосатын білімді де білікті ұрпақ тәрбиеленіп шығатынына сенім мол. Себебі, жаңа білім ордасында балалардың жан жақты білім алуына барлық жағдай жасалған.

Бүгін сондай-ақ Тоқабай елді мекенінде де жаңа білім ошағының құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді.