#qyzylordatv

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сыр күрішінің вегетациялық кезеңінде егіс алқаптарын сумен қамтуға қолғабыс еткен төтеншеліктерге алғысын білдірді. Салтанатты шарадан тілші бейнематериалы.

Сыр өңірі – еліміздің күрішке сұранысының 90%-ын қамтамасыз етіп отырған бірден-бір өңір. Алайда биыл егіске қажетті тіршілік нәріне тапшылық айқын сезілді. Сол себепті егіс алқаптарын сумен қамтамасыз ету жұмыстарына еліміздің барлық өңірінен құтқарушылар жұмылдырылды.

 Осылайша су тапшылығы жағдайында әр өңірден 139 қызметкер, 35 арнайы техника тартылып, 25 жылжымалы насос қондырғысы жеткізілді. Соның нәтижесінде магистральді және шаруашылық аралық каналдар арқылы егіс алқаптары бекітілген кестеге сәйкес суарылды. Бұл диқандар үшін орасан қолдау болды.

Өңірлерден келген төтенше жағдайлар қызметкерлері Су ресурстары және ирригация министрінің, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Бұл су шаруашылығында ұқып пен үнем болса ғана іс алға басатынын көрсетіп отыр.