#qyzylordatv
Санаулы күнде маңызды кезең басталғалы тұр, ол – жаңа оқу жылы. Облыстағы 339 білім беру ұйымдары 200 мыңға жуық оқушыға есік ашады. Балалардың қауіпсіздігі бірінші орында тұруы тиіс. Жолдан өтуі, қоғамдық көлікке мінуі дегендей. Бұл ретте полиция қызметі де өз тарапынан қауіпсіздік мәселесіне мән беретінін айтып отыр.
Полиция қызметінің өкілдері жаңа оқу жылында қауіпсіздік мәселесін басты орынға қоямыз деп отыр. Мектептердің жанындағы автокөлік жолдарында тәртіп сақшылары әдеттегідей кезекшілікте тұрады дейді:
Дейтұрғанмен, әрбір әке мен шеше өз баласының қауіпсіздігі мен тәрбиесіне бірінші кезекте мән беруі тиіс дейді. Бекер емес, 7 айдың ішінде жасөспірімдер тарапынан 8174 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. 6093 бала түнгі 11-ден кейін көше мен ойын-сауық орындарынан табылған. Баласының қайда жүргенінен бейхабар 651 ата-анаға айыппұл салынған. Топ болып төбелесу де жоқ емес, соның салдарынан биыл ауыр дәрежедегі 13 қылмыс тіркелген. Кәмелетке толмағандар 33 қылмыс жасап үлгерген. Балаларға бас-көз болу керек дейді спикер.
25 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында еліміз бойынша «Абайлаңыз, балалар» атты акция басталды. Бұл іс шара балалардың қауіпсіздігіне бағытталған дейді погондылар.