#qyzylordatv
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмалары «Айтылды-жасалды» қағидаты бойынша қарқынды жүзеге асып келеді. Мәселен, Үкімет отандық тауар өндірушілердің позициясын нығайту, шикізаттық емес экспорт көлемін арттыру және шағын - орта бизнесті қолдау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Отандық тауарлардың сыртқы нарыққа шығуы үшін инфрақұрылым реттеліп жатыр. Биыл 7 айда сауда көлемі 8,6%-ға, ал салаға салынған инвестиция көлемі І жартыжылдықта 37%-ға өсіп, 438 млрд теңгеге жетті. Салада 800 мыңнан астам бизнес субъектісі бар. Олар 1,5 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтып отыр.
АРМАН ШАҚҚАЛИЕВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ //Тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша ҚР заңнамасына өзгерістер енгізілді. Қазақстандық тауар өндірушілердің тізімі жасалады.Онда өндірушілер туралы нақты деректер жинақталады. Осы арқылы өндірушілер мемлекеттік қолдау шараларын алады. Сондай-ақ, мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуларға еркін қатысады. Мемлекеттік қолдау алған сауда субъектілері сөренің 50%-ын отандық тауар өндірушілерге беруі керек//