#qyzylordatv
Кальян шегушілер заңмен тиым салынғанына қарамастан айылын жимай отыр. Қала әкімдігі жанындағы мобильді топ мейрамхана, кафе-барларда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында кезекті рейд жұмысын жүргізді.
Қызылорда
Зерделеу барысында бірнеше кафеде жан-жағын тұманға орап, кальян шеккендер кезікті. Демалыс күндері рейд жүрмейді деп ойлаған болуы керек, біраз хорхор тартушылар полиция қызметкерлерін көріп, аң-таң болды. Нәтижесінде Қазақстан Респбуликасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 441-бабына сәйкес, заң талабын бұзғандарға әкімшілік хаттамалар рәсімделді. Мобильді топ жұмысы әлі де жалғасады.