#qyzylordatv #тазақазақстан
Өңірімізде «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының кезекті жұмыс маусымы қорытындыланды. Сырбойылық жастар жаз бойы «Таза Қазақстан» эко-науқанына атсалысып, қоршаған ортаны көркейтіп, көгалдандыруға өз үлесін қосты.
Еңбек жасағы құрамындағы 16 мен 35 жас аралығындағы қыз-жігіттер игі бастамаларға үлес қоса жүріп, еңбекақы да алды. Жалпы бас-аяғы 1200 жас еңбекке тартылып, 50 гектар аумақты абаттандыруға атсалысты. Еңбек маусымының қорытынды іс-шарасында жастардың белсенділігі ескеріліп, үздіктері марапатталды.
Айта кетйік, «Жасыл ел» жобасы 2005 жылдан бастап тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. Кешенді бағдарлама біраз жас буынның Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, республиканың түкпір-түкпірін жасыл желекке айналдыру мақсатында олардың жалын-жігерін, күш-қуатын бір арнаға тоғыстыра алды.
РУСЛАН КАЮПОВ- ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ //Өңірімізде биылдың өзінде 1200-жас осы жасыл ел жастар отрядында жұмыс жасап, осында үлкен үлес қостыңыздар. Бұл жыл сайын болып келе жатқан дүние , шынында да біз осындай үлес қосып жүрген жастарымызға үлкен алғыс айтамыз. Сондықтан біздің сыр елінің жастарына айтар едім. Таза Қазақстан акциясы аясында елімізде осы экологиялық жақсартуға байланысты экоакциялар түрлі- түрлі ұййымдастырылып келе жатыр. Соның ішінде Сыр өңірі өткен айда ғана республика бойынша қорытынды шығарылды. Қызылорда қаласы , Сыр өңірі ең таза қала деген осындай абыройлы атаққа ие болдық. Сондықтанда әр уақытта да, өңірімізді дамытуда да, осындай экомәдениетті қалыптастыруда , тазалықты қалыптастыруда тек қаланың тазалығы ғана емес, санамыздың тазалығы, жүрегіміздің тазалығына атсалысып осылай бірге жұмыс жасап жүре берейік.
НҰРДӘУЛЕТ НАҒАШЫБЕК – БЕЛСЕНДІ ЖАС // Жасыл еңбек жастарының сарбазымын. Қорқыт ата атындағы сейхунға қарама- қарсы бақта көгалдандырып, сол жақты тазалап көктеткен болатынбыз. Жазымыз әдемі өтті, күшті өтті.