#qyzylordatv

38-ші «Алтын күз» ауыл спортшыларының спартакиадасы мәресіне жетті. Дәстүрлі додаға биыл 7 ауданнан мыңнан аса адам қатысып, спорттың 16 түрінен сайысқа түсті.

 Бір аптаға созылған спартакиаданың жалпы командалық есебінің қорытындысымен Қазалы ауданы бестікті түйіндеді. Осыған дейін жүлдегерлер қатарынан түспеген аралдықтар төртінші орынды қанағат тұтты. Ал жүлделі үшінші орынды Жаңақорған ауданы иеленсе, Жалағаш құрамасы тұғырдың екінші сатысынан көрінді. Ал, 38-ші «Алтын күз» ауыл спортшылары спартакиадасында ең көп ұпай жинаған Шиелі ауданы чемпион атанып, дәстүрлі додада 3-ші жыл қатарынан үздік атанып отыр.