#qyzylordatv
Қазақстандық жас шахматшылар Абу Дабиде өткен халықаралық жарыста жүлдегер атанды. Әлемнің 45 елінен 3000-ға тарта шахматшы қатысқан тақта үстіндегі тартыста ел қоржыны 4 медальмен толықты. Үшеуі - күміс, біреуі - қола. Жүлдегерлер сапында сырбойылық Ернұр Ержанұлы да бар.
Ол «Блиц» сынында жоғары нәтиже көрсетті. 12 жастағы шахматшы өз қатарластарынан бөлек, ересектерден де айласын асырды. Жаттықтырушылар құрамы Ернұрды алдағы әлем чемпионатына дайындау әрі ұпай санын еселеу мақсатында Абу Даби фестиваліне алып барған. Енді міне, артылған үмітті ақтап, жүлде еншілеп отыр. Халықаралық турнир аясында “Masters” пен “Open A” санатында бәсекелер де өтті. Қатысушылар арасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері мен гросмейстерлер бар. Айта кетейік, фестивальдің жалпы жүлде қоры 70 мың долларға тең.
ЕРНҰР ЕРЖАНҰЛЫ - АБУ ДАБИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАХМАТ ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ
//Кез келген турнирда ересек адамдармен ойнау керек деп ойлаймын. Біз өз жасымызда жарыстар аз болады. Сондықтан ересектермен ойнаймыз. Алматыда әлем чемпионаты болады. Сонда 12 жасқа дейін өнер көрсететін боламын. Түркияда, Таиландта Азия, Моңғолияда рапид, блицтан әлем чемпионаттары болады. Сонда өнер көрсетемін//