#qyzylordatv

 Конституция - тәуелсіздігіміздің ең басты тірегі. Тиімді құқықтық жүйені орнықтыру арқылы біз экономикалық өсімге және қоғамның әл-ауқатының артуына қол жеткізе алдық. Шиелі ауданындағы ілкімді істер соның айғағы. Айбынды Ата заңымыздың 30 жылдығына орай өндірісті өңірде салтанатты жиын өтті. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.

Сан ғасыр бойы сұрапыл, тағдырлы тарихты басынан кешірген қазақ елі ақыры аңсаған Тәуелсіздікке жетіп, осыдан тура отыз жыл бұрын өз Конституциясын қабылдады. Бүгінде Ата заңымыз айбарымызға айналды. Оны мемлекеттің саяси-құқықтық төлқұжаты десек болады. Өйткені, халықтың тұтас өмірі, кешегісі мен келешегі Ата заңмен тікелей байланысты. Сондықтан бұл күн әрқайсымыз үшін ерекше мәнге ие.

АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ – АУДАН ӘКІМІ // Ата заңды ардақтау келешекке керуен тартқан әрбір азаматтың асыл парызы. Біз рейормалар арқылы саяси жаңғыруға, заң мен тәртіп қағидатына негізделген Әділетті Қазақстан құру жолында қадам басудамыз. Конституцияның арқасында Қазақстанда бейбіт өмір мен қоғамдық келісім сақталып, мемлекетіміздің жан-жақты дамудың жаңа сатысына көтерілді. Бұл барша халықтың ортақ жетістігі.

 Бірліктің, тату тірліктің арқасында өндірісі өркен жайған Шиеліде жыл бедерінде ауқымды жобалар жүзеге асты. Әсіресе, тұрғындардың тұрмыс сапасын түзетуге бағытталған бастамалар жетерлік. Бүгінде бой түзеген әлеуметтік нысандар барлығы ел игілігіне қызмет етуде. Бұл – тыныштық пен тұрақтылықтың жемісі. Ал соның бастауында айбынды Ата заңымыз тұр.

ҚАБЛЕШ БЕКІШОВ – АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ Халықтың өмір сүруі, бағыт-бағдарының барлығы осы заңда жазылған. Конституция күні біздің мерекеміз болады, берекеміз болады. Осы заң арқылы біз дамимыз, өсеміз, үлкен жолға түсеміз.

АЙЖАМАЛ ӘБДІХАМИТҚЫЗЫ – БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ Мемлекетіміздің тірегі Ата заңымызды бүкіл қазір еліміз тойлап жатыр. //Біздің Ата заңымыздың осындай үлкен бір деңгейде өріс алуы қазақ елі үшін үлкен қуаныш. Тәуелсіздігіміз әрдайым тұғырлы болсын. Бүгінгі мерекеміз құтты болсын баршамызға. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!

 Салтанатты шарада ел дамуы жолдында аянбай еңбек етіп жатқан азаматтарға облыс әкімінің алғыс хаты табысталды. Салтанатты шара соңында аудан өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынып, Ата заңымыздың айбарын асқақтаты түсті.