#qyzylordatv

Елімізде 2022 жылдан бері жалпы аумағы 13,5 млн гектардан астам жер мемлекетке қайтарылған. Бірақ соның 6 млн. гектары ғана қайта айналымға енгізілген. Мемлекет басшысы өз Жолдауында қайтарылған жердің бәрін келесі жылдың ортасына дейін игеру керектігін айтты.

 Облыс аумағында 2022-2024 жылдары қайтарылған 460 мың гектар жердің 93,6 мың гектары қайта айналымға енгізілді. Ал, биыл игерілмей бос жатқан 60 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайта өткізіледі.

      Президент Жолдауда ауыл шаруашылығы жерін беру тәсілін түбегейлі өзгерту керектігін айтты. Осыған орай жерді бөлуге қатысты шешім цифрлық форматта электронды конкурстар арқылы қабылданады. Бұл жұмыстар өңірде сәтті жүзеге асырылып жатыр.

 РЫСБЕК ШАЙХИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ \Бұл жалпы тәжірибеде бар бізде. Қазіргі таңда жер учаскелерін аукционда сату электронды форматта жүзеге асырылып жатыр. ...\