#qyzylordatv

Ақ күріштің атасы, дала академигі атанған, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев ауылында да егінге орақ түсті. «Алтын орақ – 2025» мерекелік іс-шарасынан тілші бейнематериалы.

 Ақ күрішке орақ салу рәсіміне еңбек ардагерлері, шаруалар мен аудан қонақтары қатысты. Бұл ерте көктемнен бастап ала жаздай маңдай терін төгіп, тынымсыз еңбек еткен диқандардың ортақ қуанышы. Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков шара барысында еңбек майданында алдыңғы шепте жүрген диқан қауымды алғашқы егін жинау науқанының басталуымен құттықтап, жер ананың берекесін арттырған шаруалардың тынымсыз еңбегіне жоғары баға берді.

АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ – АУДАН ӘКІМІ // Биыл негізгі дақылымыз күріштің өзінен 12300 гектарға күріш егіндері егілді. Осы көктем айында, кешегі тамыз айларында су мәсәлелері туындады. Сол су мәселелерін шешу бағытында аймағымызда үлкен бастамалар қолға алынып, аймақ басшысының тікелей қолдауымен жақсы жұмыстар атқарылды. 01:47 Егіліп атқан егіннің бір соясында жерге шашпай дәнін, суды жеткізіп сапалы өнім жинау мақсатымыз. 02:42 Алдағы уақытта осы жиналған, егілген күріштен мол өнім алайық, сапалы жинап алайық.

Биыл ауданда 31 мың гектардан астам жерге түрлі дақылдар егілді. Су тапшылығына қарамастан, диқандар жаңа технологияларды қолданып, егін өнімділігін арттыруға жұмыс істеді. 9500 гектар жерді лазерлік тегістеп, 2100 гектар алқапта тамшылатып суару әдісін енгізді. Енді міне егін ору науқанына 670-ке жуық техника жұмылдырылып отыр. Жалпы соңғы төрт жылда ауданның техника паркі 65 пайызға жаңарыпты. Ал күзгі дала жұмыстарына екі мың тоннадан астам арзандатылған дизель отыны бөлінген.

 МҰРАТ ӘШІРБЕКОВ –АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ // Биылғы жыл өзінің қиыншылығымен келді. Су тапшылығы өте қиындық туғызды шаруаларға. Бірақтан да министрліктен 11 техника келді, 35 өзінің қызметкерлері мен бірге көмек көрсетті. 00:51 Біз енді соның нәтижесінде 31500 гектар жерге әртүрлі дақылдарды орналастырдық. Негізгі дақылымыз 12300 гектар – күріш дақылы, барлығы ораққа ілініп отыр. 01:39 Біз осы күріш дақылынан 55-60 центнерден өнім аламыз деп болжануда. 01:51 Қазіргі таңда, 100-ге тарта шаруа қожалықтары бар, соның негізгі 25 ірі шаруашылық бар, олар бізге қазір 3 сортты егіп отыр Сыр сұлуы, Каурис және де Лидер сорттарын егіп жатыр.

 ТӨРЕБЕК ЖҰМАНҚҰЛОВ – ЕҢБЕК АРДАГЕРІ // Басында тұқым агрономы одан кейін бас агроном, өндіріс бригадирі болып Гигант колхозында нанымызды сол шаруашылықтан таптық, еңбегіміз шүкір еленді. Ауданнның озат бригадирі болдық, ауданның озат агрономы болдық, мараптталдық. Мен өзім соңғы 10 жылымды ауданда ауыл шаруашылық бөлімінде бас маман болып қызмет жасадым, сомен зейнеткерлікке шыққан жайым бар. Ағайындарға тілейтінім, өнім мол болып, деніміз сау болып, тек жоғарғы өнімге қол жеткізе берсін.

 Қазір техникалар толық қуатта жұмыс істеп жатыр. Басты міндет - бар өнімді ысырапсыз жинап алу.