#qyzylordatv
Жапондық ғалымдар Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының егіс алқабында болды. Олар Сырдың басты бренді күріш пен жергілікті жердің қауын тұқымына қызығушылық танытып отыр. Яғни, қызылордалық ғалымдардың шығарған жаңа сорттарын егіп, тәжірибеден өткізіп көрмек.
Күріш жапондықтардың негізгі тағамдарының бірі. Сондықтан ол елде дақылға деген сұраныс жоғары. Бірақ соңғы жылдары қуаңшылық салдарынан егіс алқабы қысқарып, өнім көлемі едәуір азайған. Жапондық ғалымдар сондықтан суды аз қажет ететін әрі тез пісетін күріш сортын шығаруды қолға алып жатыр.
ТАНАКА КАЦУНОРИ, ПРОФЕССОР \Жапонияда күріш көп егіледі. Алдағы уақытта егіс алқаптарымызды ұлғайтып жаңа сорттар ексепа деген жоспарымыз бар. Сол мақсатта сіздердің тәжірибелеріңізді көріп, сорттарыңызды зерттегіміз келеді. Біздің Жапонияның сорты көбінесе японика дейді. Сапасы жаман емес. Жапонияда күріш бойынша жетістікке жеткеннен кейін қаржыландыруды тоқтата бастады. Бірақ ол өнімділікке кері әсерін тигізді. Сондықтан соңғы кездері қайтадан қаржыландыруды қолға алып жатыр. Селекциялық жұмыстар күріштің өнімділігін арттыруға өте маңызды\
Президент кешегі Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын цифрландырып, ғылымға басымдық беру керектігін айтқан болатын. Сонда ғана жоғары өнімге қол жеткізе аламыз. Мұны институт ғалымдары да қолдайды.
СҰЛТАНБЕК ТӘУІПБАЕВ, Ы.ЖАҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КҮРІШ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЗИ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ \ауыл шаруашылық саласына үлкен басымдық берді. Соның ішінде ғылымды дамыту керектігін, ғылым арқылы агрохабды дамытуға үлкен мән берді. Біз осы тұрғыда жақсы жұмыс жасап келе жатырмыз деп айтуымызға болады. Осы алқапта 4-5 жылда жаңа сорттар шығарып келеміз. Сыр сұлуын 240 гк жерге егіп, жақсы өнім алып, бүкіл облысқа таратамыз деген жоспарымыз бар....\
Институт ғалымдары селекциялық жұмыстардың нәтижесінде күріштің тағы бір сортын шығарды. Жергілікті жердің климатына бейімделген, суды аз қажет ететін дақыл түрі мемлекеттік сорт сынау инспекциясына ұсынылады.
ЛАУРА ТОХЕТОВА, Ы.ЖАҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КҮРІШ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЗИ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ \енді оның ерекшелігі өсу кезеңі 110 күннен аспайды. Лидермен салыстырғанда ерте піседі. Бір масақтың ішінде 130-140 дән болады. ... \
Шаруашылық иелері көбінесе шетелдік сорттарға қызығушылық танытады. Бірақ сырттан келген күріш жергілікті жерге бейімделіп, жоғары өнім беруі екіталай.
ЛАУРА ТОХЕТОВА, Ы.ЖАҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КҮРІШ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЗИ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ \соңғы кезде гибридный рис деген шықты. Ол өте күрделі технология, екіншіден басқа елден әкелген сорт бізде толық бейімделмейді. Қытайдың сорты гибридный рис әлі түптену кезеңінде тұр, әлі бас алмаған. Оның вегетациялық кезеңі 140-150 күнге дейні жетеді. Өнімділігі де өте төмен жергілікті сорттармен салыстырғанда. Сондықтан жергілікті ауа райына бейімделген сорттарға назар аудару керек. Сол кезде ғана жақсы өнім алуға болады\
Қазір институттың селекциялық питомнигінде күріштің оншақты сорты сынақтан өткізіліп жатыр. Мамандар дақылды баладай баптап, өсімдік ауруына қарсы иммунитет қалыптастырады, жергілікті климатқа бейімдейді. Сынақтан өткен соң шаруашылықтарға ұсынады.