#qyzylordatv

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте белгіленбеген жерлерде сауда жасауға тиым салынған. Бірақ Арал ауданында базар маңындағы жабайы саудаға тоқтам болмай тұр. Аудан әкімдігі жанынан осыған байланысты арнайы жұмысшы тобы құрылып, сатушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Арал қаласындағы «Қанағат» базарының маңы ығы-жығы. Ретсіз қойылған көліктер мен жол жиегіндегі жабайы сауда қатары адамдардың еркін жүріп тұруына кедергі келтіруде. Санитарлық талаптар да сақталмаған. Осыны ескерген жұмысшы топ өкілдері саудагерлермен сөйлесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кәсіп иелері ескертуден кейін он күннің ішінде айналаны тәртіпке келтірмесе, әкімшілік айыппұл салынады.

НҰРТАЙ ТАСҚЫНБАЕВ, АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ ЖПҚ БАСТЫҒЫ \Қазіргі таңда саудагерлерге өздерінің нысанының ішіне сауда жасауға және заңсыз салынған құрылыс нысандарын орнына келтіруге ескерту жұмыстары жүргізілуде. Егерде ескерту талабын ескермеген жағдайда ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 204 бабының 2 бөлігіне сәйкес айыппұл түріндегі шара көріледі, ашық жерде қайтадан сауда жасайтын болса саудагерлердің мүліктерін тәркілей отырып құзырлы органдармен нысанды бұзу жұмыстары жүргізілетін болады\