#qyzylordatv
Аймақтағы денсаулық сақтау ұйымдарында еңбек етуге келген жас мамандардың саны жыл сайын арта түсуде. 2024 жылы жоғары оқу орнын бітірген 58 түлек жұмысқа орналасса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 76-ға жетті. Осылайша дәрігер мамандығын таңдаған Сыр перзенттері өз туған жерінде елге қызмет етіп келеді.
Денсаулық сақшылары Батырхан Тұрмұратов пен Күлбарам Есенеева Астана медицина университетінде оқып жүргенде танысып, екеуі де акушерлік және гинекология мамандығын таңдайды. Оқуды аяқтаған соң жас мамандар еңбек жолын Сыр елінде бастады. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында Қазалы аудандық ауруханасына жұмысқа орналасып, алты жыл қызмет етті. Ал 2024 жылдан бастап облыстық перинаталдық орталықта еңбек етіп келеді.
КҮЛБАРАМ ЕСЕНЕЕВА – АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГ
Біз ең алғашқы рет 2009 жылы Астана медицина университетінде оқып жүрген кезде таныстық. 2008 жылы бірінші курсқа Астана медицина университетінің жалпы медицина факультетіне оқуға түстік, бір группада оқыдық десекте болады. Бакалаврды бітіргеннен кейін, интернатураны акушерство гинекология мамандығы бойынша және резидентура да акушерства–гинекология бойынша бітірдік. 2017 де үйлендік, 2018 де оқуды бітірдік. Ең алғаш жұмыс жолым Қазалы аудандық ауруханасында бастадық.
Адам өмірімен тікелей байланысты бұл мамандықтың жауапкершілік жүгі салмақты. Бүгінде ерлі-зайыпты дәрігерлер тек отбасында ғана емес, қызметте де бір-бірін түсініп, ақылдасатын ең басты қолдаушы.
КҮЛБАРАМ ЕСЕНЕЕВА – АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГ
Мектеп қабырғасында жүргеннен бастап армандайтынмын, кішкентай сәбидің осылай өмірге келуіне көмектесуге аналарға. Бастапқыда қиындықтар болады. Әр мамандықтың қиындығы болады. Отбасы, жарыңның қолдауымен біраз жетістіктерге жетуге болады деп ойлаймын.
БАТЫРХАН ТҰРМҰРАТОВ – АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГ
Жұмысқа бірге келесің, бірге кетесің. Бір-біріңді түсінесің жұмыс барысында да. Қандай қиыншылық, не болғанын. Сол жағынан жақсы.
Ана мен бала саулығы үшін алаңдап, күн сайын бөбектердің жарық дүние есігін ашуына үлес қосқан мамандар елдің алғыс, батасына кенеліп келеді. Олардың айтуынша, жұмыстағы қиындықты, сәбидің алғашқы шырылын естігендегі қуанышты бөлісетін жан қасыңда болғанда кез келген міндетті еңсеруге болады.