#qyzylordatv 

Қоршаған ортаны таза ұстап, айналаны абаттандыру - баршаға ортақ міндет. Осы орайда шиелілік жастар Жақаев саябағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, игі іске жұмыла атсалысты. 


Жасыл ел еңбек жасағының сарбаздары құрал-сайманын сайлап, саябақ аумағын тазалады. Арам шөп жұлып, талдың түбін әктеп, тұрғындардың жиі келетін демалыс орталығын ретке келтірді. Тазалық бір күндік науқан емес, сондықтан Шиелі ауданының жастары алдағы күндері көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен көшелерді, скверлер мен аллеялар маңын абаттандыруды қолға алмақ.