#qyzylordatv #заңментәртіп 

Бағаны негізсіз өсіруге жол бермеу мақсатында 98 кәсіпкерлік нысанға бақылау жүргізілді. Жыл басынан бері жүргізілген іс-шара нәтижесінде сауда заңнамасын өрескел бұзған 40-тан астам кәсіп иесіне айыппұл салынған. 


 Әсіресе, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына артық үстеме қойып сату деректері жиілеген. Келеңсіздік тіркелген кәсіпкерлік нысандарға заң аясында шара көрілді.

  Жалпы, жыл басынан бері тұтынушылар тарапынан құқықтарының бұзылуына қатысты 597 өтініш жолданған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37 пайызға көп. Арыз-шағымның басым бөлігі, сауда, электрондық сауда, қоғамдық тамақтану және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері салаларына қатысты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде тұтынушыларға 10 миллион теңге қаражат қайтарылды.   


  ӘДІЛХАН ТӨЛЕГЕНОВ – ОБЛЫС БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ  

 Өтініштерді департамент тарапынан қарау нәтижесінде 201 өтініш толығымен қанағаттандырылды. Екі өтініш бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілсе, 320 өтініш басқа мекемелерге құзыреттілік шегінде жолданды. 45 өтініш өздерінің арызы негізінде кері қайтарылып алынды. Қабылданған шаралар нәтижесінде тұтынушыларға 10 млн теңге көлемінде қаражаттың қайтарылуына ықпал етілді...