#qyzylordatv #заңментәртіп
Жыл басынан бері аймақта 589 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, соның салдарынан 48 адам қаза тапты. Сүреңсіз статистика
облыстық поркуратура мен полиция департаменті бірлесіп өткізген түнгі рейд барысында жарияланды.
Рейдтік тексеріс барысында жол қозғалыс ережелерін бұзған жүргізушілерге әкімшілік хаттама рәсімделді. Ал талапқа сай келмейтін автокөліктер айып алаңына қойылды. Жалпы, облыстық прокуратураның тізімінде көліктегі құқық бұзушылықтарды жиі жасайтын 13 мыңнан астам жүргізуші бар. Олардың басым бөлігі жылдамдықты асырып, бағдаршамның белгіленбеген түсіне өту секілді бұзушылықтарды жиі жасайды дейді мамандар. Әсіресе, аптаның жұма, сенбі күндері құқық бұзышылықтарға баратындардың қатары артып отыр.
ЕРЖАН ШАМАХОВ – ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ КОМАНДИРІНІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАММЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Оның себебі, аналитикалық талдаудың нәтижесінде көптеген заң бұзушылықтар аптаның соңғы күндері орын алуда. Бір аптаның нәтижесіне қарасақ, жүргізушілердің алкогольдік масаң күйінде автокөлік басқарудың 2 дерегі, жолдың қарама-қарсы бағытына шығып, көлік басқарудың 1 дерегі, сонымен қатар әртүрлі құқық бұзушылықтармен айып алаңына 33 автокөлік қойылды.
АСЫЛЖАН ОҢДАСЫН - ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ
Статистикалыық мәліметтерге сәйкес ағымдағы жылдың екіші тоқсан қортындысымен Қызылорда облыс аумағында 500 ден астам жол көлік оқиғасы орын алып, оның ішінде қаза тапқандар саны 48 оның ішінде кәмелетке толмағандардың саны 6. Осы ретте мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қызылорда облыс прокуратурасы мен полиция департаментімен бірлесіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірлескен рейдтік ісшаралар жүргізілуде.