#qyzylordatv
Аймақта заңсыз айналымда болған қару-жарақ жойылды. Құқық қорғау органдары жүргізген іс-шара аясында азаматтардан тәркіленген және ерікті түрде тапсырған барлығы 213 қару алынған.
Атап айтқанда 7 ойық ұңғылы, 172 тегіс ұңғылы, 5 шолақ мылтық және 17 газды травматикалық қару облыстық полиция департаментіне өткізілген. Сондай-ақ, 1 құрамдастырылған және 11 қару механизмі тапсырылған.
Мамандардан құралған комиссия тәркіленген қарудың барлығын қайта пайдалануға мүмкіндік бермейтіндей күйге келтірді. Осылайша жарамсыздандырылған 213 қаруды әскери және арнайы жабдықтау базасына тәртіпке сай жою үшін жіберді.