#qyzylordatv 

Жыл соңына дейін өңірде қаржыландырудың барлық көздері есебінен 950 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Осылайша 25 мыңға жуық тұрғынның баспана мәселесі шешілмек. Бұл туралы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төрәлиев хабарлады.  


Жалпы, биыл тұрғын үй құрылысына және пәтер сатып алуға 145 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Осы қаражат есебінен үй кезегінде тұрған азаматтар үшін 6010 пәтер сатып алынбақ. Сондай-ақ, сол жағалауда 7 қабатты 3 кредиттік тұрғын үй бой көтеруде. Осы тұрғын үйлер иелеріне табысталғанда 25 мыңға жуық азаматтың баспана мәселесі шешіледі. Айта кетейік, жыл соңына дейін бірқатар әлеуметтік нысандар да пайдалануға берілмек. Олардың қатарында сол жағалаудан салынған 300 емделушіге арналған аурухана мен Сұлтан Бейбарыс көшесінен бой көтерген «Қызылорда арена» спорт кешені бар. Титов мөлтек ауданының тұрғындары көптен күткен емхана құрылысы да биыл аяқталады. 


 ЕРЛАН ТӨРӘЛИЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ  

 Титов қыстағында 400 келушіге арналған емхананы бастадық. Амандық болса, қаражаты толық шешіледі. Бұл нысанды біз жыл аяғына дейін тапсыруды жоспарлап отырмыз. Қызылорданың сол жағалауында 500 келушіге арналған жаңа емхананы бастадық. Оны келер жылы аяқтаймыз. Президент тапсырмасына сәйкес, жаңа театр құрылысын бастап жатырмыз және 600 мың қор кітап сақтайтын президенттік жаңа кітапхананы бастап жатырмыз