#qyzylordatv 

Талсуат ауылдық округінде инфрақұрылымдық жұмыстар жүйелі жүзеге асуда. Биыл елдімекеннің кіреберіс қақпасы орнатылып, көшелердегі электр бағаналарын қайта жаңғырту жұмысы жүргізіледі. Сонымен қатар тұрғындардың сұранысы бойынша жаңа ойын алаңы салынады деп хабарлады ауылдық округ әкімі Ерлан Бейсенбаев. Қала іргесіндегі ауыл жаңалықтары туралы тілшіміз айтып берсін.


Халық саны екі жарым мыңнан асатын Талсуат ауылдық округінде газдандыру мәселесі толығымен шешілген. Жыл басында Құмкөл, Атырау, Ақмешіт, Нұрмағамбетов көшелеріне қаржы бөлініп, жаяу жүргіншілер жолы толығымен аяқталды. Сонымен бірге Сығанақ көшесіне тас төсеу жұмыстары жүргізіліп, 7 аялдаманың сырты қапталды. Ал алдағы уақытта Абай Құнанбаев, Әлжаппар Байкенжеев, Оспан Сауытбаев тұйығы көшелеріндегі электр бағаналары қайта жаңғыртылатын болады. 


 ЕРЛАН БЕЙСЕНБАЕВ – ТАЛСУАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

 Абай Құнанбаев көшесіне жарықтандыру жұмысы еретеректе жүрген болатын,қазір енді қайта жаңғырту жұмыстарына 38 млн 96 мың теңге сметалық құжаттары дайындалып, экспертизадан өтіп, қаржысы күтіліп отыр. Сонымен бірге Алматы көшесіне ойын алаңын орнату бойынша тұрғындардан өтініш түскен болатын, қазір оған да жоба сметалық құжаттары дайындалып, алдағы уақытта ойын алаңын орнататын боламыз. 


Мал және егін шаруашылығымен айналысатын Талсуат ауылдық округінде кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары да назардан тыс қалмаған. 


 ЕРЛАН БЕЙСЕНБАЕВ – ТАЛСУАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ Кәсіпкерлікті қолдау бағыты бойынша округте 189 шағын кәсіпкерлік субъектілері болса, оның ішінде 174 дара кәсіпкер, 8 шаруа қожалығы тіркелген. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жыл басынан бері «Ауыл аманаты» бойынша жыл басынан бері 13,1 млн теңгені құрайтын 2 жоба мақұлданып, қаржысы толықтай игерілді. 1 жоба 10,8 млн теңге құратйын бюджетке өткіздік. Қазір қаржысы күтілуде. 


 Ауылдық окург әкімі әлеуметтік салалардың жұмысына да тоқталды. Ауыл мектебінде қазір 416 оқушы білім алады. Елдімекенде бір мемлекеттік, бір жекеменшік балабақша, №5 қалалық емханаға қарасты Талсуат ауылдық дәрігерлік амбулаториясы, ауылдық клуб және бір кітапхана қызмет көрсетуде. Ауылдық клубта 7 үйірме жұмыс істесе, Талсуат спорт кешенінде каратэ және қазақ күресі үйірмелері бар.