#qyzylordatv 

Биыл қалада жалпы құны 45,6 миллиард теңгеге 12 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Бұл жобалар толықтай аяқталса, жеті жүзден астам қала тұрғынының тұрақты жұмыспен қамтылуына мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында тағы қандай жаңашылдықтар бар? Бұл туралы жауапті бөлім басшысы журналистермен жүздесуінде кеңірек тарқатты. 


Сандық деректерді сөйлетсек қалада 64 мыңға тарта тұрғын кәсіпкерлік секторында еңбек етеді. Алты айда 868 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім өткен жылғыдан 20 пайызға артқан. Жоспар бойынша биыл 12 инвестжоба жүзеге аспақ. Бұл 700-ден астам тұрғынның тұрақты жұмыспен қамтылуына сеп болмақ. 


 МҰХТАР ЖЕТІЛГЕНОВ – ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

6 айдың қорытындысымен қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасты. +Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 276,2 млрд. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 100,0%-ды көрсетті. Өңдеу өнеркәсібінде 49,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 27,5%-ға артты. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 168 млрд. теңгеге жетіп, өсім 105,8%-ды құрады. Жыл басынан бері «Марал Нұр» серіктестігінің жолаушылар вагондарын жөндеу және техникалық қызмет көрсетуге арналған жаңа өндірістік кешені пайдалануға берілді. Жаңа өндірістік кешеннің қуаттылығы жылына 600-ден астам жолаушы вагонына техникалық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді (жоба құны – 5,6 млрд.) Сонымен қатар, «Алаш Метан» серіктестігінің метан газ құю бекеті бар жол бойындағы қызмет көрсету кешені (жоба құны – 650 млн.) жұмысын бастады


Тағы бір ауқымды жоба - 800 басқа арналған тауарлы сүт фермасы. Абай ауылында қолға алынған агроөнеркәсіп кешені табиғи өнім дайындаумен қатар жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға жол ашады. Бөлім басшысы картон зауыты, шыныны қайта өңдеу секілді жобаларға да тоқталды. 


 Өңірде шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау күшейген. Жыл басынан бері 3,6 млрд теңгеге 53 жоба қаржыландырылып отыр. 


МҰХТАР ЖЕТІЛГЕНОВ – ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Атап айтқанда: «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 317,1 млн. теңгені құрайтын 32 жобаға 2.5 пайызбен жеңілдетілген несие берілді. «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы микроқаржы ұйымы арқылы, өңдеу өнеркәсібіне бағытталған «Іскер» бағдарламасы аясында 645,8 млн. теңгеге 21 жоба мақұлданып, оның ішінде 122,8 млн. теңгеге 5 жоба қаржыландырылды. «Аграрлық несие корпорация» АҚ арқылы жалпы құны 1,6 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба қаржыландырылды


Қалада базарларды жаңғырту жұмыстары жүруде. Сауда орындарын талапқа сай ету үшін кәсіпкерлер өз қаражатымен бірге мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдетілген несие алған.