#qyzylordatv 

Жыл басынан бері өңірде еңбек нарығында 289 заң бұзушылық дерегі тіркелді. Көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19 пайызға өскен. Тиісінше, еңбек ұжымдарына салынған айыппұл да артып отыр. Бұл жөнінде облыс бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Бектемір Жұмағұлов хабарлады. 


 Жалпы, жыл басынан бері департамент тарапынан 1425 арыз-шағым таразыланып, заң бұзған мекемелерге 8 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Сондай-ақ, тексеруші мамандар келеңсіздіктерді түзеу үшін жұмыс беруші мекемелерге 157 нұсқама жолдаған. Алайда бұл талапты пысқырмағандар бар. Сондықтан заң шеңберінде бірнеше кәсіпорын айыппұл арқалады. Айта кетерлігі, бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар 2 есе артып, еңбек тәуекелдерінің картасы жасалды. Нәтижесінде өңірде жоғары тәуекелі бар 76 кәсіпорын анықталған. Олардың бірқатарында еңбек ақының аздығына наразылық білдіргендер болды.


 БЕКТЕМІР ЖҰМАҒҰЛОВ – ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» акционерлік қоғамында жалақыны өсіруді жұмысшылар талап еткен болатын. Нәтижесінде, 12,3 пайызға жұмысшылардың жалақысы өсті. «Аралтұз» АҚ еңбек жағдайын жақсартуға байланысты бірнеше тармақтан тұратын жұмысшылар тарапынан арыз-шағым келіп түскен болатын. Қосымша еңбек кестесі бегітілмеген деген мәселе анықталды. Сосын, еңбек демалысын уақытылы бермеу фактілері анықталып, осындай мәселелер қалпына келтірілді...