#qyzylordatv
Елордадан ақпар. Астанада «Тектілер ту көтереді» республикалық журналистер байқауының жеңімпаздары марапатталды. «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің 5 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауда еліміздің әр өңірінен қатысқан журналистердің үздік еңбектері бағаланды.
Байқауға 50-ге жуық баспа, интернет-басылым, радио және телеарна өкілдері қатысып, ұлттық тәрбие, қоғамдық сана, рухани мұра және азаматтық жауапкершілік тақырыптарындағы материалдарын ұсынды. Қазылар алқасының шешімімен төрт негізгі номинация бойынша жеңімпаздар анықталып, бірқатар журналистерге арнайы жүлделер табысталды. «Тектілер ту көтереді» байқауының арнайы жүлдесіне әріптесіміз Ибнмахсут Рахметов те ие болды. Жас тілші журналистика саласындағы еңбегі мен ұлттық құндылықтарды насихаттауға қосқан үлесі үшін марапатталды.