#qyzylordatv 

Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаменті тарапынан биыл 11 мәрте кешенді тексеріс шаралары жүргізілді. Нәтижесінде 280 заң бұзушылық дерегі тіркелген. 


 Аталмыш құрылым тарапынан келеңсіздіктерді жою мақсатында 50 прокурорлық қадағалау актісі енгізілген. Осы арқылы 85 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, бірнеше маманға әкімшілік шара көрілді. Ал, бас прокуратура тарапынан осы бағыттағы жұмысты әлі де ширату тапсырылып отыр.  


 АЙДОС ЖЫЛҚЫБАЙ – ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ ПРОКУРОРЫ  

 Азаматтардың құқықтарын қорғау мен мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді.Аталған жүйе арқылы ағымдағы жылдың осы кезеңге дейінгі облыс бойынша мемлекеттік органға 87 286 келіп түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда едәуір өсімді көрсетеді...