#qyzylordatv
Тасбөгет кентінде кішкентай қыз баланың білегі жылу батареясына қысылып қалып, құтқарушылар көмегіне жүгінуге тура келді.
Шақырту бойынша жедел жеткен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері арнайы құралдың көмегімен батарея секцияларын керіп, баланың қолын босатып алды.
Мамандардың айтуынша, қыз бала жарақат алмаған. Оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.