#qyzylordatv 

Қармақшы ауданында бюджетке түсетін салықтың негізгі көрсеткіші кәсіпкерлердің үлесінде. Ауданда төрт мыңға жуық кәсіпкер тіркелген. 


 Десек те, жыл басынан бері салық берешектерін азайту мақсатында 151 салық төлеушінің банктік есеп-шоттары тоқтамға алынып, соның нәтижесінде 45 млн 959 мың теңге берешек мәжбүрлі түрде өндірілген. Сондай-ақ, салық төлеуші ретінде тіркелмей заңсыз кәсіппен айналысып жүрген азаматтарды анықтау, әкімшілендіру, заңдастыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Жалпы ауданда салықтардың немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің уақытылы және толық түсуін қамтамасыз ету, салық төлеушінің құқығын сақтау, бюджет болжамын орындау мақсатында нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, алты айдың қорытындысымен республикалық бюджетке 278 млн 729 мың теңге түсім түссе, жергілікті бюджет 108,3 пайызға артығымен орындалған. Ал, жыл басынан бері 400 дара кәсіпкер тіркеліп, салық түсімінің артуына өз септігін тигізіп отыр, дейді мамандар. 


 ДАНИЯР ҚОСБЕРГЕНОВ – АУДАН БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 

2026 жылдың 6 айында басқармамен көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 8950 құрап отыр. Оның ішінде электронды түрде-8950, яғни мемлекеттік қызмет 100 пайыз электронды түрде көрсетілген. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттығына 645 өтініш тіркелді. Оның ішінде 147 – өтініш бойынша банкрот статусы қойылып, қалған 498-өтінішке бас тарту шешімі шығарылды. Бас тарту шешімінің негізгі себептері «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңының 5-бабының талаптарына сәйкес келмеуі. Атап айтқанда, борышкердің кредиторлар алдындағы өтелмеген борышының күні 12 айдан аспауы, меншіктерінде мүліктерінің тіркелуі және берешек сомасы 1600 АЕК (6920,0 мың теңге) асуы.