#qyzylordatv #тазақазақстан
Айналаны ластап, белгіленбенеген орындарға қоқыс тастаған 1 299 азаматқа шара көрілсе, тағы 6 649 тұрғын абаттандыру қағидаларын сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Қаперіңізде болсын, шілде айынан бастап елімізде абаттандырудың жаңа қағидалары күшіне енді. Енді жеке тұрғын үй иелері өздерінің ауласы ғана емес, қоршаудың сыртындағы 5 метр аумақтың тазалығына да жауапты. Белгіленген аумақта қоқыс, құрылыс материалдары немесе өзге де қалдықтар анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.
Ал, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы қалдықтарды уақытылы шығару мүлік иелері бірлестіктері, пәтер иелері кооперативтері немесе басқарушы компаниялардың міндеті. Қоқысты контейнерлерден тыс жерге тастауға немесе ұзақ уақыт бойы үй маңында қалдыруға болмайды. Егер қалдықтар белгіленген мерзімде шығарылмаса, заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделген.
«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету және елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында Полиция департаменті тұрғындар мен қала қонақтарын абаттандыру қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.