#qyzylordatv
Әуесқой аяқдопшылар арасында «Биали» кубогы сарапқа салынды. Екі күнге созылған дүбірлі додаға көршілес Өзбекстан мен еліміздің бірқатар өңірінен 14 команда, 200-ге жуық ойыншы қатысты.
Дәстүрлі турнир биыл 4 рет ұйымдастырылып отыр. Қызығушылық танытып, бақ сынағысы келетін командалар саны жылдан жылға артып келеді. Жалпы турнирдің жүлде қоры 2,5 млн теңгені құрады. Доп додасының қорытындысы бойынша 200 мың теңге жүлде қорына қызылордалық «Сұңқар» командасы ие болды. ІІІ орын шиелілік «Алтын айдарлы» құрамасына, ІІ орын «Дәулет» командасына бұйырды. Жарыстың жеңімпазы атанған жаңақорғандық «Қожамберді» құрамасы бас жүлдеге тігілген 1 млн теңгені қанжығалады. Айта кетейік, алаңда үздік ойын өрнегін көрсеткен аяқдопшыларға да қаржылай сыйақы берілді.