#qyzylordatv

Облыс әкімі қаладағы бірқатар құрылыс жұмыстарының барысын тексерді, сапасы қалай, мерзіміне сәйкес жүзеге асып жатыр ма, еңбек заңдылығы сақталып жатыр ма бәрі-бәрі басты назарға алынды, жауапты басшыларға тиісті апсырмалар жүктеді.

 Қызылордадағы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 11 мың орындық Орталық стадион жақын күндері ашылады.

Жаңа ғимараттың жалпы аумағы 20 мың шаршы метр, ғимарат үш қабатты. Бірінші қабатында спорт түрлеріне арналған жаттығу залдары, екінші қабатында әкімшілік бөлмелер, үшінші қабатында спортшылар үшін және ауқымды жиындар өткізуге арналған бөлмелер қарастырылған.

Айта кетейік, облыс орталығында құны 20 млрд. 500 млн. теңгені құрайтын «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Құрылысы 2026 жылдың екінші жартыжылдығында аяқталады.

Одан кейін облыс әкімі сол жағалаудағы әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналған 320 және 280 пәтерлік тұрғын үйлердің құрылыс алаңына барды. Мердігер мекемелер "Ер Ару” және “Мелиоратор” серіктестіктері.

Өңір басшысы жақын күндері пайдалануға берілетін үй иелерімен кездесіп, құрылыс талаптарының сақталуы бақылауда екенін айтты.

 Жалпы соңғы үш жылда қаржыландырудың барлық көзінен 2 млн. 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл бюджеттен тұрғын үй құрылысы мен жеке салушылардан дайын 3 800-ге жуық пәтерді сатып алуға қаржы бөлінді.