#qyzylordatv

Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры 71-ші маусымын драматург Ерсайын Төлеубайдың «Абай» спектаклімен ашылды.

 Геотитр: ҚЫЗЫЛОРДА

 Бұл ‒ Ерсайын Төлеубайдың пьесасы бойынша қойылған спектакль. Мұхтар Әуезовтың «Абай» трагедиясына қарағанда өзгешелеу, Абайды жаңа бір қырынан көрсететін тың қойылымның бірі. Спектаклде Абайдың қырықтан асқан шағы бейнеленіп, Оразбаймен Абай арасындағы тартыс, Оспан мен Мағауияның қаза табуы суреттеледі.

БАҚЫТБЕК АЛПЫСБАЕВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ \ Әр театрдың өзінің дәстүрі бар бір спектакльмен жауып,бір спектакльмен ашу деген. Оның үстіне биыл Абайдың 180 жылдығы,кеше 10-ы күні Қуанышбаев театры да «АБАЙ»спектаклімен ашты.Оларда М.Әуезов болса,бізде Ерсайын Төлеубайдың «Абайы».Осы спектаклімен Астанада ойнағанымызда автордың өзі Е.Төлеубай айтқан «Мен осы пьеса бойынша «Қазақстаннан Абайымды таппай жүр екенмін,сөйтсем Абайым менің Қызылордада екен ғой»-деп. Демек,авторға ұнағаннан кейін халықтың да,көрерменнің де көңілінен шығып жүрміз деп ойлаймын\

 АҚТОЛҚЫН ТУЛЕУОВА, ТЕАТР АКТРИСАСЫ \\Бүгінгі сомдайтын рөлім-Исраил Сапарбаевтың АБАЙ трагедиясындағы Айгерім бейнесі.Бұл спектаклді 2014 жылы алған кезде дайындық барысы жүрдім.Спектакль премьерасы жақындаған кезде декреттік демалысқа кетіп қалған болатынмын.Міне,осыдан бері 11 жыл бұрын,11 жылдан кейін болды ғой.Мен осы рөлге қайта түсіп,бір қазаннан,екінші қазанға салғандай дайындықта болдым ғой\\3970\

ҚАНАТ АРХАБАЕВ, ТЕАТР АКТЕРІ \\бұл спектакльде мен Абайдың досы Ерболдың рөлін сомдаймын.Маған дайындалуға ондай бір уақытта берілген жоқ.Өйткені УОД деген бар.Уод деген яғни бұрын басқа актер сомдап кеткен рөлді мен қайталап тұрамын.Сондықтан да ондай бір қиындық тудырды деп айта алмаймын.Бірақ тез уақытта тез арада жасау керек болды.Абайдың досы Ербол.Барша патша көңілді көрермендерді өзімнің әріптестерімді 71-маусымның ашылуымен құттықтаймын.

Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры жаңа маусымда көрермен назарына бірнеше спектакль ұсынатын болады. Соның бірі Қанат Архабаев пен Айғаным Құрмашеваның «Әйел» атты қойылымының премьерасы қазан айында тұсауы кесіледі. Тағы бір жаңалық, «Нартайдың бүлдіршіндері» қуыршақ тобы «Kostanay Puppet life» халықаралық қуыршақ театрларының фестиваліне қатысады.