#qyzylordatv
Жыл соңына дейін құрылыс, цифрлық кодекстер мен «банк қызметі туралы» заңдар қабылданады. Бұл туралы Мемлеке басшысының қабылдауында болған Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов айтты.
Оның сөзінше депутаттар жұмыс барысында Президент Жолдауы мен ел дамуы бойынша берген тапсырмаларды заңнамалық тұрғыда уақтылы әрі сапалы қамтамасыз етуге ерекше мән беріп отыр. Бүгінде 15 заң қабылданып, Сенатқа жолданды. Мәжіліс қарауында 77 заң жобасы бар. Сондай-ақ сайлау, тұтынушылардың құқығын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу секілді заң жобаларына қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр.