#qyzylordatv
Облыс бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы қызметін атқарған Шәймерден Есенкелдиев ротация тәртібімен Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібев Шаймерден Тәжіқұлұлының жаңа қызметіне сәттілік тілеп, құрмет көрсетті.
Шәймерден Есенкелдиев еңбек жолын қарапайым полиция қызметкерінен бастап, басшылық лауазымға дейін сатылап өскен. Өңір алты жыл көлемінде нәтижелі жұмыс істеп, облыс бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Соңғы жылдары жазасын өтеушілерді еңбекке тарту үлесі 68 пайызға дейін өсті. №60 мекемеде 18 өндірістік цех іске қосылып, 400-ден аса бас бостандығынан айырылған азамат жұмыспен қамтылып, қайта әлеуметтендірілді.
Пробация қызметінің тиімділігін арттыру арқылы сотталушылардың қайта қылмысқа бару деректерін 28 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік туған. Жиын барысында Шәймерден Тәжіқұлұлының қоғам тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігі үшін атқарған қызметіне алғыс білдірген аймақ басшысы облыстың «Құрмет грамотасы» мен «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалін табыстады.