#qyzylordatv
Қазалы ауданында «Қалқан–2025» арнайы-тактикалық оқу-жаттығу жиыны басталды.
Іс-шараға аумақтық қорғаныс батальонына тіркелген 91 әскери міндетті азамат қатысуда. Оқу-жаттығу барысында әскери қызметкерлер Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерінің бөлімшелерімен бірлесе, маңызды стратегиялық нысандарды қарсыластың ықтимал диверсиялық және террористік әрекеттерінен қорғау бойынша тәжірибелік іс-қимылдарды пысықтайды.
Қатысушылар 10 күн бойы Қазалы қаласындағы «Шағала» лагерінде орналасып, қарқынды дайындықтан өтеді. Бағдарламаға тактикалық, атыс, саптық, медициналық және инженерлік дайындықтар кіреді. Сонымен қатар, взвод пен рота құрамындағы бірлескен іс-қимылдар мен төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттерге ерекше мән берілуде.Мамандардың айтуынша, мұндай оқу-жаттығулар азаматтардың ел қауіпсіздігі алдындағы жауапкершілігін арттырып, қорғаныс саласындағы кадрлық резервті толықтыруға мүмкіндік береді.
ӘКІМБЕК БЕКҚОЖА - АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ Қазіргі таңда 288 орта мектепте АӘТД пәнінің оқытушы ұйымдастырушысымын. Бүгінгі таңда 12 інен бастап 21іне дейін оқу дала жиынына шақыртылдым. Оқу дала жиыны мақсаты армия барған азаматтарды келешек ұрпақтарды тәрбиелеу мақсатында келешек һскелең ұрпақтарды бағыт бағдар беруге. Қазіргі таңда білесіздер армия қатарынан қашып жатқан азаматтарымыз бар.Соларды әрмен қарай қашпау мақсатында жасалып жатқан дүние деп білемін.