#qyzylordatv

Қала күні қарсаңында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылының екінші кезеңі аяқталып, ел игілігіне берілді. Сенбі күні Әбілқайыр хан көшесінен Саламатов көшесіне дейін жаңадан салынған автомобиль жолының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Қаланың күн санап дамып келе жатқанына ел куә. Халық саны жыл сайын өсуде, ал аймақ тұрғындарының шамамен 50 пайызға жуығы облыс орталығында тұрады. Бүгінде көпшіліктің жайлы өмір сүруіне бағытталған, қауіпсіз, таза, қолжетімді әрі зияткер қала құру бағытында нақты қадамдар жасалуда.

 Рәсімде жаңа жолды сапалы етіп салуға үлес қосқан мердігер мекеме қызметкерлері Құрмет грамотасымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Жолаушылар үшін барлық жағдай қарастырылған бұл жолдың құрылыс жұмыстарын «УАД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Теп тегіс жолдың сапасы да жоғары дейді сала мамандары.

 САМАТ ҚАРЫМСАҚОВ – «УАД» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Тәуелсіздік даңғылы Әбілқайыр хан көшесінен Саламатов көшесіне дейін 2,8 шақырымды құрайды. Бұл жол айналма жол есебінде салынды. Бұл жол 4 жолақты және жаяу жүргіншілерге арналған, веложүргіншілерге арналған арнайы жолақ бар. Ені 6 метрді құрайды. Бұл жолды салу барысында даряиның ішкі бетін, жағалауын нығайту жұмыстары жүргізілді. Бұл жолдың бойында 4 аялдама бар және екі бағдаршам орнатылды.

АЙДАНА ЖҰМАДИНОВА – ТІЛШІ

Бұл даңғылмен жүріп өткен қала тұрғындары инфрақұрылымның дамуымен қатар, үлкен шығармашылық еңбекті байқайды. Ал бұл жерде ел дамуына үлес қосқан еңбек адамдарының суреті бейнеленген.

Даңғылдың ашылу рәсімінде авто және велошеру ұйымдастырылды. Шеруде кейінгі жылдары замануаи техникамен қамтамасыз етілген салалардың көліктері көрсетілді.

 БЕКМАҒАМБЕТ НҰРМАНОВ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Қалада көптеген жақсы, игі істер атқарылып жатыр. Бәріміз куә болып жатырмыз. Өйткені қанша свкерлер, қанша көшелер, даңғылдар ашылып жатыр. Бүгін біз қала халқы қуаныштымыз. Өйткені бұл көптен күткен хабарлардың бірі еді. Өйткені автобус болады, көліктердің кептелісі орын алып жатқан жағдай болатын. Осы кептелістен құтылу мақсатында осындай даңғылдар, үлкен скверлер ашылып жатыр. Осы бәрімізге құтты болсын.