#qyzylordatv

Қармақшы ауданынан ақпар. ІІІ Интернационал ауылдық округінің Мәдениет үйінде аудан әкімі Жандос Еркінбек құқық қорғау органдары мен Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысымен бірлесіп жеке қабылдау өткізді. Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында өткен қабылдауға әр елді мекеннен келген 40-тан аса тұрғын қатысып, өздерінің жеке және әлеуметтік мәселелерін ортаға салды.

 Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан тұрғын үй мәселесі, жұмысқа орналасу, әлеуметтік қолдау, ауылдық округтердегі инфрақұрылым, құқықтық кеңес сынды әртүрлі бағыттағы мәселелер көтерілді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары жол сапасы, әлеуметтік көмек алу тәртібі туралы да сұрақтар қойып, тиісті сала басшыларынан нақты жауап алды.

 ЖЕТКЕРГЕН ҚАЛЫМБЕТОВ, ІІІ ИНТЕРНАЦИОНАЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

 Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы аясында аймақ басшысы, аудан әкімінің іс-шара жоспарына сәйкес құқық қорғау органдарының басшылары мен салық органдарының басшыларының қатысуымен жеке қабылдау өткізілді. Жеке қабылдаудың өзіндік ерекшелігі ІІІ интернационал ауылында жақын елдімекендерден халықтар келіп, өздернің мұң-мұқтаждарын, ойда жүрген мәселелерін жеткізді.Тиісті сұрақтар қойып,сұрақтарға жауап алынды.Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының басшыларының халықтың дән риза екені білнуде. Себебі тікелей халықты сандалтпай, мекемелерге барған жағдайдақабылдау мүмкіндігі шектелген. Сол себепті халықтың бүгінгі өткізілгенжеке қабылдауға дән ризалығын білдірп, өздерінің көкейде жүрген сұрақтарына тиісті жауаптар алынды.

 Аудан басшысы Жандос Еркінбек әрбір өтінішті мұқият тыңдап, заң аясында шешу жолдарын қарастыратынын айтып, тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар берді.

 САРАКҮЛ ҚҰЛСЕЙІТОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

. Ауылымызда өзекті мәселелер сұрақтарын қойып, ауыл тұрғындары өздерінің сұрақтарына тұщымды жауап алды деп есептейміз. Өзім мына Достық балабқшасының кешегі СЭС-тің жабылу мәселесі жөнінде сұрақ қойғанмын. Жауабымды алдым. Жабылмайды, жұмыс жасайды деп жауабын берді. Енді сол Достық балбақшасының жабылмауына ықпал жасаймын деді. Соған өзім риза болдым. Халық та өзінің мәселе көтерген сұрақтарына жауап алды деп ойлаймын. Көп-көп рақмет!

 ҚҰДАЙБЕРГЕН ӘБІЛДАЕВ, АУЫЛДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ Мен өз жағымнан ауылға газ кіргізу мәселесін көтергем.Бұның егжей-тегжейін әкім айтып түсіндіріп,26 жылдың аяғынан документация дайындаймыз. Ақшанықарастырамыз, кәсіпкер болар,бюджет болар. Соның ыңғайына келтіріп,27 де аяғына қарай, осы жұмысты алға қоюға атсалысамын деп әкім сөз берді.Біз сол айтқаннан кейін халыққа түсіндірмені, осы жағдайды халыққа түсінідіріп айтамыз.Мынау Дүр Оңғар, Төребай би газ тарту аяқталғаннан кейін осы жақтағы Ақтөбе,Интернационал ар жағы соның мәселесі көтеріледі.Документация дайындап,бұл жұмыстар 25-ге қарай аяқтауға мүмкіншілік жасаймыз деді.

 Осылайша ауыл тұрғындары өз ұсыныстары мен шешілуі тиіс мәселелерді сала мамандарына жеткізді. Аудан әкімі алдағы уақытта да азаматтардың өзекті мәселелерін тыңдау арқылы ашық әрі тиімді басқару жүйесін жүзеге асыруды жалғастыра беретінін атап өтті.